Елордада биыл 36,45 шақырым, ал қалаға қосылған елді мекендерде 39,05 шақырым жол салу жоспарланып отыр

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Астана әкімдігінің мәліметінше, 2012 жылғы жол-құрылыс жұмыстары басталды.

 Бұл маусымда қаланың тарихи бөліктері мен қалаға қосылған тұрғын алаптарындағы автожол инфрақұрылымдарын жетілдіруге баса мән беріледі.

Биылғы жылы елордада 36,45 шақырым жол салып, 5,0 шақырым жолға жөндеу жүргізіп, 24,3 шақырым жолды қайта жаңғыртып, сонымен қоса қалаға қосылған елді мекендерде 39,05 шақырым жол салу жоспарланып отыр.

Әзірленген жобада инженерлік желілер құрылысы, жүргінші бөліктерді кеңейту, қосымша тұрақ орындары, абаттандыру, жарықтандыру, тротуарларды көгалдандыру, өтпе жолдарға жаңа бағдаршам объектілерін орналастыру, жол белгілері мен тағы да басқа жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдар қарастырылған.