«Бұл - өте күрделі тақырып. Дегенмен, Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, 5 институттық реформасының 4-ші бағытын жүзеге асыру барысында өткен жылы біраз жұмыс атқардық. Нормативтік-құқықтық база құрылды, бірқатар негіз қалаушы құжаттар әзірленді. Біздің реформалардың төртінші бағыты аясында өткізіп отырған жұмыстарымыздың негізгі мақсаты, идеясы - бұл болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру», - деді алқалы жиынды ашқан ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсілов.
Айта кетейік, семинар барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында айқындалған жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті қалыптастыру міндеттері түсіндіріліп, жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті қамтамасыз ету ауқымында мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы өзара қатынастың әдістері мен ұстанымдары қарастырылады. Этноәлеуметтік, этносаяси және этноконфессиялық үдерістерді тиімді басқарудың теориялық және тәжірибелік құрамдас бөліктері сөз болады. Сонымен қатар «Мәңгілік ел» идеясының мәдени-философиялық негіздері мен мемлекеттік-азаматтық сәйкестілікті қалыптастыру процесін жетілдіру жолдары талқыланады.
Семинар барысында қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша пікір алмасу жән жұмыс тәжірибесімен бөлісу үшін пікірталас алаңдары ұйымдастырылады.