Елордада боран салдарынан бірқатар бағдарға қатынайтын автобустар тоқтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада боран салдарынан бірқатар бағдарға қатынайтын автобустар тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 326, 310, 311, 321, 302, 307, 305, 312, 320, 304, 317, 318, 322, 308, 309, 315, 316 бағдарлардың қозғалысы уақытқа тоқталды. 12 бағдар Арнасай, Сарытоғай және Беласар көшелеріне дейін жүрмейді», - делінген CTS компаниясының Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Айта кетейік, қазіргі уақытта елордада қалың қар жауып тұр. Оның үстіне солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, оқтын-оқтын 15-20 метрге дейін жетіп тұр. Соның салдарынан қала көшелері ақтүтек боранның астында қалған.

Қалың қар және боранның салдарынан елордадан шығатын 4 бағыттағы жол жабылған.