Елордада бояулар мерекесі өтті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Триатлон саябағында «Яркокросс - JUNGLE» жазғы шарасы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо .

«Бұлреспубликалық жоба болып табылады. Осымен жетінші жыл қатарынан өткізудеміз.Бүгінгі мерекеге қатысуға 1200 астаналық өтінім білдірді. Жалпы жыл санапқатысушылардың саны артып келеді. Бұл шараның басты ерекшелігі жеңімпаздар менжеңілгендер болмайды, яғни қатысушылардың жүгіру жылдамдығын өлшемейміз. Бізгеең бастысы – қатысушылардың жақсы көңіл-күйі мен әсем күлкісі керек», - дедішараның басты ұйымдастырушысы Александра Комлева.

Яркокросс - JUNGLE-ге қатысу 3 жасқадейінші балаларға тегін, одан жоғары балалар үшін 2000 теңге, ал ересектер үшін3000 теңгеден бастау алады. Айта кетерлігі шара жақындаған сайын билет құныжоғарылай түседі.

«Биылғыяркокросс қатысушыларын жұмбақ пен түрлі шытырман оқиғаларға толы JUNGLEкүтеді. Онда еріктілер жыртқыштар аңдар мен шөп қоректілерге айналады,сондай-ақ біз барлық қатысушылар үшін тосынсыйлар әзірледік. Яркокросқа барлығы70-тей ерікті жұмылдырылды. Және сөреге жеткен барлық қатысушыларға жеңімпазмедалі беріледі», - деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталғаншараның негізгі мақсаты – қала тұрғындарына жарқын көңіл-күй сыйлаумен қатар,қаланы жасыл-желекке айналдыру.

«Жүгірістентүскен барлық қаражаттар қайырымдылыққа жұмсалады. Яғни қалада ағашотырғызылады. Осы күнге дейін елордада 500-ден астам ағаш отырғызылды», - дедіол.

Сондай-ақ, шара ұйымдастырушысықатысушылардың жиі қоятын бояу неден жасалады және ол қауіпсіз бе деген сұраққажауап берді.

«Бояулартүрлі-түсті пудрадан жасалады. Ол экологиялық таза және қауіпсіз, яғни крахмалмен тағам бояғыштары қолданылады. Дегенмен көзді қорғау үшін күн сәулесіненқорғайтын көзілдірік киюді және ауызға кіріп кетпеуі үшін маска тағудыұсынамыз», - деді ол.

13 шілдеде Қарағанды да бастау алғанбояулар мерекесі алдағы 27 шілде күні Көкшетау және 17 тамызда Шымкент қаласындаөтеді.

Соңғы жаңалықтар