Елордада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласында бір күннің ішінде 4 бала терезеден құлады. Бұл ақпаратты қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бізге берген мәліметінше, екі бала жедел жәрдем жеткенше қаза болған. Қазір аман қалған екі бала аурухананың реанимация бөлімінде ем алып жатыр, жағдайы – ауыр.
Осы орайда Астана қаласының полициясы балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады.
- Жыл басынан бері 45 балалардың терезеден құлау оқиғасы тіркелді, оның 12-сі қайғылы аяқталды. Мұндай оқиғалар көбіне балалар қараусыз қалған кезде және үйдегі қарапайым сақтық шаралары сақталмау салдарынан болып жатады, - деп ескертеді қалалық полиция.
Еске салсақ, Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың терезеден құлау оқиғаларына алаңдаушылық білдірді.