Ведомство мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 35, 36, 45, 62 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген.
Ауысқан қозғалыс схемасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.
«Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен.
Мұның алдында № 10, 12, 51 бағдарларының қозғалыс сызбасына Мәңгілік ел даңғылы бағытында Қабанбай батыр даңғылы бойында жаңа «Aq Jol» ТК аялдамасы («Авиатор» және Жаңадария көшесі арасында) қосылған еді.