12:54, 14 Сәуір 2009
Елордада дағдарыс кезінде халықты психологиялық қолдау жөнінде баспасөз мәслихаты өтті
АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін Астана қаласының Халықаралық баспасөз орталығында «Дағдарыс жағдайларында халықты психологиялық қолдау» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Психология ғылымы мамандарының қатысуымен өткен аталмыш кездесуде осындай ауыр жағдайда адамдарға психологиялық көмек көрсету, өмірден түңілуден, тығырықтан шығу жолдарын қарастыру мәселелері талқыланды. Мамандардың айтуынша, мұндай психологиялық көмектер аптаның әрбір сейсенбі күні тегін көрсетіледі. Ал басқа күндері ақылы түрде өтеді. Отырыста дағдарыс жағдайларында психологиялық әрекеттің бірнеше түрлері бар екендігі айтылды. Олардың қатарында абыржу, енжарлық пен түңілушілік, сананың шынайылықты ұғынудан қалуы және тағы басқа кері іс-әрекеттер бар. Бұл орайда үлкен көмекті психологтар көрсетеді. Сондай-ақ баспасөз мәслихатында мемлекеттік тіл ? қазақ тілінде сөйлейтін психолог мамандардың жетіспейтіндігі атап өтілді. Бұл үшін «Гармония» отбасын және бизнесті қолдау орталығы «Жас мамандарды қолдау» жобасын іске қосып отыр.