Фестивальді «Астана күні» мерекесіне орай Оқушылар сарайы мен «Юнус Эмре» түркі мәдени орталығы ұйымдастырады. Ойын сайысына Македония,Түркия, Әзірбайжан, Башкұртстан, Ресей, Қазақстан және Қырғызстан мемлекеттерінің балалар командалары қатысады. Алты түрлі ойын сайыстарына негізделген фестиваль үш күнге созылады (15 шілдеден - 18 шілде аралығында). Ойын түрлері:
- 1. «Асық»
- 2. «Шілдік»
- 3. «Бес тас»
- 4. «Тоғыз тас»
- 5. «Ортаға түспек»
- 6. «Жеті тас»
Фестивальдің ашылуында жоғарыдағы аталған мемлекеттер елшіліктерінің өкілдері қонақ болады.