Елордада дәстүрлі «Музей түні» шарасы өтіп жатыр

Фото: Фото: Александр Павский / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада дәстүрлі «Музей түні – 2025» мәдени-танымдық акциясы өтіп жатыр.

Айтулы шара 18:00-ден түнгі 00:00-ге дейін жалғасады. Оның бағдарламасы мынандай:

Фото: Ұлттық музей
Фото: Ұлттық музей
Фото: Ұлттық музей

Мәдени-танымдық кеш 18 мамырда тойланатын Халықаралық музейлер күніне орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр.

«Музей түні» акциясы ҚР Ұлттық музейінде 2015 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Алғаш өткенде оған 23 мың адам қатысса, 2016 жылы 30 мыңнан астам адам келген.

2017 жылы акция 2 рет өткізіліп, 39 мыңнан аса адам тамашалаған. Оның алғашқысы Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылса, екіншісі Халықаралық музейлер күніне арналды.

Сондай-ақ 2018 жылы 37 мыңнан аса адам, ал 2019 жылы 42 мыңнан аса адам келді.

Одан кейінгі жылдары карантинге байланысты аталған шара музейдің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы онлайн форматта өтті.

Ал 2023 жылы келушілер саны 48 мыңға жетсе, 2024 жылы 30 мыңнан асты.

«Музей түні» – бұл жай ғана көрме залдарын аралау емес, бұл – ұлттық мұрамен танысатын, тарих пен өнерге жаңаша көзқараспен үңілетін, рухани құндылықтармен терең байланыс орнатуға жол ашатын ерекше мәдени акция.