Елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада 26-27 шілде аралығында кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. 

Қала тұрғындары мен қонақтарына жергілікті өндірушілер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген шаруа қожалықтарының азық-түлік өнімдерінің кең таңдауы ұсынылады.

Жәрмеңкеге келген жұрт жаңа жиналған көкөністер мен жеміс-жидекті, ет, сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, бал, тосап, табиғи шырындар мен өзге де тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Іс-шара сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «KERYEN JOLY» сауда орталығында (Алаш тас жолы, 35-үй) өтеді.

Қосымша түрде, дәл осы күндері – 26-27 шілде аралығында демалыс күнгі жәрмеңкелер мына орындарда да жұмыс істейді:
• «Көктал» СОО аумағында (Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а);
• Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында (Рио-де-Жанейро ТК қарсы бетінде).

Жәрмеңке алаңдары сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Айта кетелік Астанада 2025 жылғы «Болашақ ойындарына» іріктеу басталған еді