Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Бүгін күн ала бұлтты, түнде аздап қар жауады, боран болады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -10-12°С, күндіз -5-7°С.
Ертең, 2 наурызда Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -15-17°С, күндіз -6-8°С.
Дүйсенбі күні, 3 наурызда елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 18-20°С, күндіз -7;-9°С.