Елордада Қуыршақ театры 6 ақпанда сағат 12:00, 14:00 және 16:00-де жас көрермендерді Т.Хасанғалиеваның «Қыс туралы ертегі» ертегісіне шақырады.
М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры осы сенбі және жексенбі күндері «Народная кадриль» лирикалық комедиясын ұсынады. Қойылым сағат 18:00-де басталады.
6 ақпан күні сағат 16:00 және 19:00-де NOMAD City Hall-да Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары» драмасы көрсетіледі.
Айта кету керек, іс-шаралардың бәрі санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізіледі.