Елордада демографиялық мәселелер жөнінде дөңгелек үстел өтті

АСТАНА. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін елорданың Ұлттық ана мен бала орталығында «Этнодемографиялық мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуға қатысқан ҚР Парламенті Сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетованың айтуынша, демография проблемаларын шешетіндер - көпбалалы отбасылар. Осындай отбасыларды қолдау үшін заңды түрде көптеген шаралар қолға алынуда. Әртүрлі жәрдемақылардың көлемі де өсіп жатыр. Дегенмен, мұның бәрі жеткіліксіз. «Менің ойымша, демография мәселесін шешеміз десек, мемлекеттік ерекше отбасы бағдарламасын жасау қажет. Аталмыш бағдарламада отбасы проблемаларын жеке-жеке бөліп қарастыру керек. Оның ішінде, жұмысқа орналастыру, пайызы төмен ерекше отбасылық несие беру, көпбалалы отбасылардың пәтер мәселесін шешу жайы бар. Сондықтан проблемалар әлі көп. Осы мәселелерді талқылау үшін бүгін біз жиналып отырмыз. Біраз ұсыныстар болады. Оларды біз Үкіметке береміз, мүмкін болашақта ол үлкен отбасылық бағдарламаға айналар»,  деп атап өтті С.Жалмағамбетова.