Елордада Денсаулық сақтау министрлерінің 3-ші Ислам конференциясы өтеді

None
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ислам Ынтымақтастық ұйымына төрағалығы аясында 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Астанада Денсаулық сақтау министрлерінің 3-ші Ислам конференциясы өтеді.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, аталған басқосуға 57 елден және 24 халықаралық ұйымдар мен 5 байқаушы мемлекеттен 400-ден астам делегат қатысады деп күтілуде.