Елордада Денсаулық сақтау министрлігі мен қоғамдық ұйымдар Қазақстанда хоспис мекемелерін ашу мәселесін талқыға салды

АСТАНА. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Елордада Денсаулық сақтау министрлігі мен қоғамдық ұйымдар Қазақстанда хоспис мекемелерін ашу мәселесін талқыға салды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі кезде ауыр сырқатты адамдарға арналған қамқорлық үйлері еліміздің Алматы, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Қостанай, Семей қалаларында бар.

Бұл орындарда  онкологиялық ауруларға және созылмалы инфекциялық дертке шалдыққан сырқаттар  емделуде.

Сөз жоқ, осындай ауыр сырқатты адамдарға арналған қамқорлық үйлерінің санын арттыру аса қажет. Бірақ хоспистік, полеативті қызмет жөнінде біздің елімізде түрлі түсініктер қалыптасқандықтан, оған тұтас медицинаның бір саласы ретінде жеткілікті түрде көңіл бөлінбей келеді. Бүгінгі отырыс қазақстанда хоспистерді ашу және оның қаржыландырылуын жолға қою, заңдық негіздемесін жасау мәселелерін қарастырамыз», дейді «Ардагер» қоғамдық ұйымның президенті Баян Ахметжанова.

Оның айтуынша, отандық хоспис орындарының қаржыландырылуының 80 пайызы мемлекет үлесінде. Тек 20 пайызы ғана кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың қайырымдылығынан түседі.   

Елордадағы «Рэдиссон» қонақүйінде өткен «Қазақстандағы хоспистері: проблемалар мен оны шешудің жолдары» атты дөңгелек үстел отырысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, өңірлердегі барлық хоспистердің басшылары мен осы саладағы шет ел мамандары да қатысуда.