Елордада денсаулық сақтау саласында 30 млрд теңгеге жуық қызмет көрсетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың бірінші тоқсанында Астана қаласы бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының негізгі қызмет түрі бойынша көрсетілген қызмет көлемі 29 232 886,0 мың теңгені құрады, оның 72,9%-ы бюджет қаражаты есебінен, 13,9%-ы халықтан түскен қаражат есебінен, 13,2%-ы кәсіпорындардың қаражаты есебінен орындалды.

Астана қаласы Статистика басқармасының хабарлауынша, Денсаулық сақтау саласында 28 693 803,0 мың теңгеге (98,2%) қызмет көрсетілді, ал ең үлкен көлемі (51,6%) ауруханалық ұйымдардың қызметі есебінен қалыптасты, олар 14 803 030,0 мың теңгені құраған. Жалпы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар - 5 609 662,0 мың теңге (19,6%), мамандандырылған дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар - 2 669 121,0 мың теңге (9,3%), стоматология саласында қызмет көрсететін ұйымдар 666 536,0 мың теңге (2,3%), адам денсаулығын қорғау жөніндегі басқа да қызметті жүргізетін ұйымдар 4 945 454,0 мың теңге (17,2%) сомасында қызмет көрсетті, деп хабарлайды astana.kz.