Елордада денсаулық саласы қызметкерлеріне зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуде шұғыл әрекет ету жөнінде тапсырма берілді

АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Жедел жәрдем бригадаларына, емханалар мен стационарлардың қызметкерлеріне зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуде шұғыл әрекет ету жөнінде тапсырма берілді.

Бұл туралы astana.kz сайты елордалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Астана қаласының медицина ұйымдарының өзара іс-қимылдары мәселелері жөніндегі жұмыс отырысында медицина мекемелерінің қызметкерлеріне емханалар мен басқа да медицина мекемелерінің арасындағы өзара іс-әрекет регламентін жетілдіру және нақтылау бойынша бірқатар тапсырмалар жүктелді. Ведомствоның атап өтуінше, медицина қызметкерлеріне шұғыл дағдарыстық жағдайлар туралы хабардар ету бойынша Өңірлік штаб тапсырмаларын айқын орындау міндеттелді.