Елордада дезинсекциялық жұмыстардың тағы бір кезеңі аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада дезинсекциялық жұмыстардың кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлады astana.kz.

Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері бір айда жалпы аумағы 721,8 га жерді, оның ішінде, 4 қалалық саябақ және Есіл өзенінің жағалауы, 14 қонақ үй кешені мен адамдар көп жүретін 19 аумақты өңдеді. Департаменттің хабарлауынша, дезинсекциялық жұмыстарды сәуір-қыркүйек айларында жүргізген тиімді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайсыздықтар тудырмау үшін өңдеу жұмыстары түнгі уақытта өткізіледі. Алдымен масасы көп жерлер анықталып, өңделеді. Сонымен қатар, тұрғын үй секторларында дезинсекция жұмыстары қолға алынды.