АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше елордадағы «Жастар» шағын ауданында диаметрі 200 мм-лік су құбыры жарылып, бірнеше тұрғын үй мен балабақша сусыз қалды. Бұл ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Ведомствоның хабарлауынша, кеше сағат 03:35-те Алматы ауданына қарасты «Жастар» шағын ауданында диаметрі 200 мм-лік су құбыры жарылған. Төтенше оқиға саларынан № 10, 10 «А», 10/1, 11-13,18/2, 22, 22/1 тұрғын үйлер мен балабақша сусыз қалды.
Апатты жою жұмыстарына «Астана су арнасы» мекемесінің 4 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.