НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- «Астана Арена» стадионында Димаш Құдайбергеннің «Арнау» атты шоу-концерті басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әнші кеш шымылдығын «Golden Intro» әнімен ашты. Артынша «Аққуым» әнін орындады.
Еске салсақ, бұған дейін Д. Құдайбергеннің «Арнау» атты жеке концерті 29 маусым күні елордада өтетіні және Димаштың концертіне ұзын-сонар кезек пайда болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Ал телекөрермендер үшін 6 шілде күні «Астана күні» мерекесіне орай «Qazaqstan» ұлттық арнасынан көрсетіледі. Концерт ұйымдастырушыларының айтуынша, кеш билеттерін әлемнің 64 елінен 10 мыңға жуық тыңдарман сатып алған. Оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Мексика, Канада, Австралия, Швейцария, Малайзия, Сингапур, Африка, Египет, Израиль және Марокко сынды алыс мемлекеттердің тыңдармандары бар. Польшадан 20-ға жуық адам келген.
Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің концертіне байланысты елордада жолдар жабылады.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.