Елордада «Дін және әйел» тақырыбында форум өтеді

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Ертең, 22 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, ҚР Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті бірлесе «Дін және әйел» тақырыбында форум өткізеді.

«Форумның мақсаты - «Дін және әйел» тақырыбын жалпыхалықтық деңгейде талқылау үшін пікірталас алаңын ұйымдастыру, жастардың дін негіздері туралы дұрыс мағлұмат алуына және зайырлы қоғамның дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруға ықпал ету»,-делінген ҚР Дін істері агенттігінің баспасөз орталығының мәліметінде. Форумға Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, ЖОО студенттері, оқытушы-ғалымдар, мәдениет, дін және қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысады.