Елордада дипломаттар арасында гольф турнирі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Астанада аккредиттелген дипломатиялық миссиялар мен өкілдіктердің басшылары және ҚР Сыртқы істер министрлігі қызметкерлерінің арасында «Ambassador's Cup» гольф бойынша жолдастық турнирі өтеді, деп хабарлады еліміздің сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметінен.

Турнирге ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов, ҚР Гольф федерациясының президенті Н.Әбіқаев, «Самұрық Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Ө.Шөкеев, Қазақстанның саясаткерлері мен шетел мемлекеттері елшілері қатысады.