Астана әкімі ресми сайтының хабарлауынша, қазіргі таңда Қазақстанда донорлық қан тапсырушылар саны көбейгені байқалады. Орташа есеппен алғанда жылына 220 мың адам донорлық қан тапсырады, бұл республика бойынша 284 мың донацияны құрайды.
Халықаралық эксперттік ұйымдардың мәліметінше әр мемлекет қан компонентін қамтамасыз ету үшін халқының 1% донорлақ қан тапсыруға қатысулары керек. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 1,7-ге тең болса, Астана қаласында 5,4-ке тең. Бұл Астанадағы донорлықтың даму деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.