Елордада екі қабатты монша отқа оранды

Фото: Фото: pixabay.com

Астанада екі қабатты моншадан өрт шықты, деп хабарлайды Кazinform.

«Ағаштан салынған екі қабатты моншаның төбесі мен шатыры өртенді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша өрт тараған аумақ – 150 шаршы метр. Сағат 22.06-да жалын толығымен ауыздықталды», - деп мәлім етті қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеода өрт Тұран көшесінде орналасқан «Орлов моншалары» кешені екені жазылған.