Елордада екі адамды қағып кеткен «Kia» жүргізушісі қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен «KIA» автокөлігінің жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, 31 қазан күні сағат 13:33-те «Kia» маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі Уәлиханов көшесінің бойымен келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Онда жолдан өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қаққан. Кейін инерциямен «Лада» көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 60 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті боынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Kia» жүргізушісі ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.