Саяхат бағыты алдын ала белгіленетіндіктен, ал билеттер бір күн бойы жарамды болғандықтан туристер кез келген аялдамада аялдай алады .
«Экскурсиялық автобустың ерекшелігі ол Hop-On Hope-Of жүйесі бойынша жұмыс істейді. Бұл дегеніңіз - турист билетті сатып алып, кез келген уақытта бағыт аялдамаларынан шығып, қаланың көрікті жерлерімен жан-жақты таныса алады. Одан кейін автобус келгенде саяхатшылар қосымша билет сатып алмай-ақ ары қарай сапарын жалғастыра береді», - деп хабарлады А.Жанәбілова.
Қызыл автобустар Астананың айтулы жерлері туралы ақпаратты құлаққап арқылы тыңдауға мүмкіндік беретін аудио жүйемен жабдықталған. Биыл аудиоэкскурсиялар алты тілде қолжетімді болды: қазақ, орыс, ағылшын, қытай, неміс, түрік тілдерінде.