«24 қыркүйек күні шамамен түнгі сағат 23:40-та Volkswagen Polo маркалы көлік жүргізушісі Сауран көшесі бойымен Алматы көшесінен Сығанақ көшесіне бара жатқанда қарсы бағыттағы жолға өтіп кеткен. Салдарынан Toyota маркалы көлікпен соқтығысып қалған», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникация баспасөз қызметі.
Жол апатынан әртүрлі дене жарақатын алған жүргізуші мен көлікте отырған жолаушы ауруханаға жеткізілді. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта жол апатына қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.