Елордада екі жеңіл көлік соғысып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың сол жағалауында Тойота және «Лада» маркалы екі жеңіл көлік соқтығысып қалды.

ЖКО Достық көшесінің бойында орналасқан «Азия парк» СОСО маңында, Қабанбай батыр даңғылына таяу жерде болған. Оқиға салдарынан «Лада» көлігі едәуір жапа шекті.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келіп, жарақат алған жүргізушілердің біріне медициналық көмек көрсеткен. Алайда ол ауруханаға жатудан бас тартты.

Көлік апатына кімнің кінәлі екендігін полиция анықтап жатыр.