Елордада екінші ауысым оқушылары да сабақты үйден оқиды
10:50, 13 Желтоқсан 2023
Астанада екінші ауысым оқушылары да онлайн оқиды, деп хабарлайды Kazinform.
Астана қаласының білім басқармасы 13 желтоқсан күні қолайсыз ауа райына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылатынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бүгін таңғы ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс колледж студенттері мектепке бармаған болатын.