Елордада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды
12:05, 08 Желтоқсан 2023
Ауа райының күрт суытуына байланысты 2023 жылғы 8 желтоқсанда екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Kazinform Астана қаласының Білім басқармасына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 8 желтоқсан күні ауа температурасы 29 градусқа дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр.
Қала тұрғындары мен қонақтарының жарақаттануы мен үсіп қалуын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды және көшеде ұзақ уақыт болмауды сұраймыз.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада аязға байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқитынын жазған болатынбыз.