АСТАНА. KAZINFORM – Астанада ауа райына байланысты екінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Kazinform елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
– 2024 жылғы 10 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген Білім басқармасының хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Оралда бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқитынын хабарлағанбыз.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.