12:40, 12 Маусым 2009
Елордада экспорттық тауарлардың Халықаралық орталықазиялық көрме- жәрмеңкесін таныстыру жөнінде конференция өтіп жатыр
АСТАНА. Маусымының 12-сі. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында экспорттық тауарлардың Халықаралық орталықазиялық көрме- жәрмеңкесін таныстыруға арналған «Астана 2009» конференциясы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Конференцияға Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чэн Го Пин, Құлжа қаласының мэрі Сайфуддин Имемураз, сондай-ақ Қазақстан тарапынан ҚР Сырты істер министрлігінің, Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері қатысты.Аталмыш жәрмеңке биыл қыркүйектің 4-і мен 7-сі аралығында ҚХР Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Құлжа қаласында ұйымдастырылады. Онда керамика өнімдері, құрылыс материалдары, автомобильдер, құрылыс техникалары қойылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкеге кем дегенде 400 кәсіпорын шақыру жоспарланып отыр. Оның 350-і керамика және құрылыс материалдары жөніндегі, 50-і автомобильдер жасау және құрылыс техникалары жөнінде, қалған 50-шақтысы әртүрлі жұмыс жөніндегі кәсіпорындар болмақ. Бұған қоса жәрмеңкеге сырттан 500 халықаралық кәсіпорын шақыру көзделген.