Елордада экспресс автобустар неліктен жүрмей кетті
Бүгін Астана қаласының коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында осыдан бірнеше жыл бұрын қала көшелерінде жүрген экспресс автобустарды қайта жолға шығару мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды.
«2018 жылы Астанада экспресс-бағдарлар болды және олар бойынша автобустар жүрді. Бұл автобустардағы жол ақысы қалалық өзге бағдарлардан жоғары болды. Соған қарамастан, экспресс автобустар тиімсіз екенін атап өткен жөн. Себебі қала тұрғындары бұл автобустармен көп жүре бермейтін. Сондықтан осы экспресс-бағдарлар тоқтатылды», - деді М. Шақаев.
Бұған дейін қалаға 400-ге жуық автобус жетіспейтіні хабарланған еді.
Елордада автобустар қозғалысының уақыт аралығы 10-20 минуттан 8-10 минутқа дейін қысқартылмақ.
Астанада жолаушылардың тек жартысы жол ақысын төлемей жүретіні де белгілі болды.