Бұл туралы бүгін Астана қалалық ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Талғат Жұманов мәлім етті.
Оның атап өтуінше, діни-экстремистік әрекетке қатысы бар тұлғаларды айқындау мақсатында өткізілген іс-шара барысында ішкі істер органдарына 243 адам жеткізіліп, 172 тұлға «Образ » есебіне қойылған. Сондай-ақ 66 адам «Экстремизм» жедел есебіне алынған.
Т.Жұмановтың сөзіне қарағанда, ұсталған азаматтардан экстремистік мазмұндағы діни кітаптар тәркіленген. «Олардың тарапынан белсенді іс-әрекеттер болған жоқ, болған жағдайда жауапкершілікке тартар едік. Қазіргі уақытта іс-шара жалғасуда және де біз бұған баса назар аударамыз», - деді ол.