Бұл туралы бүгін СІМ өткен апталық брифинг барысында ресми өкіл Асқар Әбдірахманов мәлім етті.
Оның айтуынша, халықаралық басқосуға ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің және ұйымның бақылаушы мемлекеттерінің терроризмге қарсы күрес жөніндегі ұлттық үйлестірушілері мен лауазымды тұлғалары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, отандық және шетелдік беделді сарапшылар қатысады.
«Аталған конференцияны ұйымдастыру Қазақстан төрағалығының ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттеріндегі терроризмге қарсы күрес қызметтерінің жетілдірілуіне нақты қосар үлесі болып табылады», - деді ресми өкіл.