Оның жұмысына ҚХА мүшелері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, саяси партиялар, діни конфессиялар, дипломатиялық миссия басшылары, зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және шетелден келген қонақтар қатысуда.
Сессия барысында ҚР Президенті Сочиде өткен 22-ші қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Д.Тенге «Құрмет» орденін және Ассамблеяның бірқатар мүшелеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалін» табыс етеді.
Сондай-ақ, сессия қорытындысында жиынға қатысушылардың Қазақстан халқына үндеуі қабылданады деп күтілуде.