Елордада электрмен қамту жүйесі қалпына келтірілді

Төтенше жағдайлар қызметі бүкіл қала бойынша электр желісінің жұмысын қалпына келтірді. Жұлдыз, Шығыс, Астана қалалық, орталық, ПНФ, Степная қосалқы станциялары іске қосылды.

Фото: Астана әкімдігі

Бұл туралы Kazinform Астана әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өнеркәсіп аймағында, Қазқалашық тұрғын алабы ауданында жұмыс бірнеше минуттан кейін аяқталады. 

Осыған дейін елордада желідегі апат салдарынан жарық сөнгені хабарланды.