Қайырымдылық шараның мақсаты стационарлық ем қабылдап жатқан балаларға нағыз мереке, шаттық сыйлау; балалардың бойында әлеуметтік белсенділік дағдылары мен жауапкершілікті қалыптастыру; балалардың өзара араласуына көмектесу. Мерекелік акция аясында балалар ұжымдарының қатысуымен концерт ұйымдастырылып, астаналық цирк әртістері шоу ұсынады. Сондай-ақ, балаларға тәттілер мен сыйлықтар таратылады. Сондай-ақ, №6 қалалық емханада қызметкерлердің балалары үшін волонтерлардың қатысуымен «Балалық шақ - балалар!» акциясы өтеді. Шараның мақсаты - Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу, балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын жақсарту, денсаулықтарын нығайту, бір-біріне деген сенімді арттыру. Ал, қалалық №1 емханада Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Мен бейбітшілікті саламын» асфальттағы суреттер жарысы өтеді.
12:17, 01 Маусым 2015
Елордада ем қабылдап жатқан балалар да мерекелік сыйлықтан құр қалмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 маусым күні «Таза ниет - Астана» қоғамдық қоры Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен және «Ұлттық Дельфий комитеті» корпоративтік қорымен бірлесе Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №2 қалалық балалар емханасында стационарлық ем алып жатқан балаларға арналған «Бақыт сыйла» қайырымдылық акциясын өткізеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.