Елордада ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтау байқауының жеңімпазы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ксения Сон елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтау байқауының жеңімпазы атанды. Бүгін «Хан Шатыр» СОСО-ында Аяз Ата ерекше идеяның авторына бас жүлде IPhone 7 табыстады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтау идеясы қараша айында туды, елімізге деген сүйіспеншілігімізді көрсетіп, Президентімізге алғысымызды білдіргіміз келді. Біз өз елімізді мақтан етеміз. Өлеңнің сөздерін жазып, бейнебаян түсірдік, содан кейін оны ғаламторға салдық», - дейді Ксения Сон адамның ішінен топ жарды.

«Конкурс үлкен резонанс тудырды. Келіп түскен өтінімдер көп. Қатысушылардың қиялы ұшан-теңіз. Бұл сюжетте балалар ән айтады, құттықтау қазақ және орыс тілдерінде жасалған», - дейді Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов.

Еске салайық, байқау Аяз Атаның атынан Инстаграмдағы (ayazata_official) ресми парақшада өткізілді. Жарысқа ниет білдіргеннің бәрі қатысты.