Бұл турасында еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Халықаралық еңбек ұйымы жариялаған сәуірдің 28-і Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті сәуір айында Астана қаласында Акция өткізеді. Акцияның негізгі мақсаты өндірістік жарақаттың алдын-алу жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға және өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмауға және төмендеуіне кешенді іс-шараларды қолдану қажеттілігіне жұмыс берушілердің, жұмысшылардың, қоғамның назарын тарту болып табылады. Сәуірдің 14-і мен 15-і күндері қаланың құрылыс нысандарында акция шеңберінде түсіндірме жұмысы өткізіледі», делінген баспасөз хабарламасында.
Рейдтік жұмысты ұйымдастырудың мақсаты - жұмыс берушілер мен жұмысшыларға еңбек заңнамасын түсіндіру, салынып жатқан нысандарға барып, жұмыс берушілер және жұмысшылармен кездесуді ұйымдастыру.
Рейдтік бригадалардың құрамына мемлекеттік еңбек инспекторлары, қалалық прокуратураның, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы, Кәсіподақтар кеңесі, Астана қаласы бойынша «Атамекен» одағы филиалының өкілдері кіреді.
Сәуір айының соңына қарай Конгресс-Холл сарайында әкімдікпен прокуратура, «Нұр-Отан» ХДП, кәсіподақтар және жұмыс берушілердің қатысуымен кеңейтілген жалпықалалық семинар-отырыс өткізіледі. Алқалы жиын барысында еңбек туралы заңнаманың сақталуы, ұйымдармен еңбекті қорғау және қауіпсіздік туралы ақпараттандырау, сондай-ақ қауіпсіз еңбекке қатысты басқа да мәселелер қарастырылмақ.