«21 тамыз күні сағат 03.20 шамасында жедел жәрдембригадасы кезекті шақыртуға бара жатып,жолда жатқан адамды байқаған. Дәрігерлер дереу көмек көрсетпек болғанда, ер адам оларды бас салған. Өзін агрессивтітүрде ұстап, жүргізушіні бірнеше ретұрып жіберген. Сондай-ақ, дәрігерлер бригадасына шабуыл жасамақболып, жедел жәрдем көлігіне зақым келтірген», - делінген хабарламада.
Шұғыл түрде жеткен полиция жасағы ер адамды ұстап, «Сарыарқа» аудандық полициябасқармасына жеткізді. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, 28 жастағыазамат мас күйінде болған.
Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуамалдары жүргізіліп жатыр.