Бұл туралы Қала өмірі тіршілігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бөлімі хабарлады деп мәлім етті Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен. Бүгінгі таңда Есіл өзеніндегі кеме жүзу бағдарының ұзындығы 9 шақырымға шақ. Кәсіпорын флотында сегіз кеме қызмет көрсетуге сақадай-сай дайын. Оның қатарында сыйымдылығы 69, 60, 32 және 45 адамдық 5 жайлы жолаушылар кемесі, сонымен қатар құтқару катерлері мен сүйреуіш кемелер бар. Қазіргі уақытта Астанада «Кенесары» және «Рэдиссон» атты 2 айлақ құрылған. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін айлақ саялы шатырмен жабылған 8 жайлы қалқымалы айлақпен жабдықталған.
12:19, 12 Мамыр 2014
Елордада Есіл өзенінде кеме жүзу маусымы ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Есіл өзенінде 15 мамырда кеме жүзу маусымы ашылады. Салтанатты рәсімге мүгедек балаларға арналған интернат үйінің тәрбиеленушілері, ҰОС ардагерлері және елорданың құрметті қонақтары қатысады.