Мұражайда оның 1995-2010 жылдар аралығында сомдаған гобелендері, мүсіндері, ерекше қағаздан жасалған өнер туындыларының 100-ден астамы қойылған.
«Бұл халықаралық масштабтағы көрме. Менің ойымша, бұл көрме үлкен табысқа жетеді, себебі өнер сүйер қауым тарапының қызығушылығы зор екендігін байқадым. Жалпы, өнердің зұлымдыққа, лаңкестікке қарсы және бейбітшілікті сақтау ісіне қосар үлесі өте маңызды», деп атап өтті көрмені тамашалауға келген Францияның еліміздегі елшісі Жан-Шарль Бертонэ.
Ясенки Тучан-Вайан Хорватияда дүниеге келген. Загреб көркемөнер академиясын бітірген. Француз тоқыма орталығында өнерін жетілдірген ол өзінің көркем тоқыма шеберханасын құрған. Алғашқы жеке көрмесін 1974 жылы өткізген Ясенки қазіргі уақытта әлемнің танымал мұражайлары мен галереяларында 60-тан астам көрме ұйымдастырды. Көптеген сыйлықтар мен марапаттардың иегері.