Елордада есірткі сатқан 106 адам сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада есірткі сатқан 106 адам сотталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Сергей Ильиных айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке орай, бүгінде есірткі қылмысы барынша ұтқыр жұмыс істей бастады. Есірткіні байланыссыз сатуға көшті. Яғни, мұндай заттарды белгілі бір жерлердегі жасырын орынға қойып кету арқылы таратады. Жыл басынан бері елорда аумағында тек есірткі сату фактісімен 106 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы.

Сергей Ильиных оның атап өтуінше, бүгінде есірткі заттарын қаланың кез келген нүктесіндегі жасырын орынға қалдырып кетеді. Сондықтан полиция мұндай адамдарды анықтау және қылмысқа тарту үшін барлық қажетті іс-шараларды белсенді түрде жүргізіп жатыр.