Елордада ескерту жарияланды - Қазгидромет

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Республиканың кейбір аймақтарында ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.

15-16 қаңтарда Алматы облысында боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін барады, кейбір аймақтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Астана қаласында 15-16 қаңтар күндері боран күтілуде. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.