Елордада фискалдық чектерді бермеуді анықтайтын ілкі жоба іске асырылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы аумағында ақшалай есеп-айырысу белгілі салық төлеушілер санатын қоспағанда бақылау-кассалық құрылғыларын міндетті қолдану түрімен жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БКҚ чегін бермеу табысты жасыруға, тиісті салықтардыңтөленбеуіне әкеледі, бұл жалпы көлеңкелі экономика көлемінің өсуіне соқтырады.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтуралы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚК) 802-бабының 1-тармағының 3) тармақшасынасәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғаудың себептерінің бірі - жекежәне заңды тұлғалар хабарландырулары және өтініштері, сондай-ақ бұқаралықақпарат құралдарына түскен хабарландырулар болып отыр.

БКҚ чегін немесе тауарлық чекті бермеу немесе БКҚ чегіннемесе тауарлық чекті тауар сомасынан артық немесе кем көрсету, әкімшілікжауапкершілікке соқтырады.

Жауапкершілікке тартудың деректері: әкімшілік құқықбұзушылыққа тартылған тұлғаның түсінігі, жәбірленушінің айғақтары, куәгерлер;маманның, эксперттің қорытындысы жәнекөрсеткіші, заттай айғақтар; басқа да құжаттар; әкімшілік құқық бұзушылықтуралы хаттама және процессуальдық іс жүргізу хаттамасы.

Осындай бұзушылықтарды бірінші рет жасаған кәсіпкерлерескерту алуы мүмкін, жылдың ішінде қайта жасаған бұзушылыққа салық төлеушініңкатегориясына байланысты 15-ден 50-ге дейін АЕК айыппұл салынады.

Осыны ескере отырып мемлекеттік кірістер органдарыменжәне салық төлеушілердің арасында әрекет алгоритмін жұмыспен өтеуге байланыстыбақылау-кассалық машиналарының фискалдық чектерін бермеу фактілерін анықтаубойынша пилоттық жобаны Нұр-Сұлтан қаласында жүргізуді жоспарлауда. Ілкі жобаныжүргізу мерзімі - 2019 жылдың 12 тамызынан бастап 30 қарашасына дейін.

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасыныңазаматтарын БКҚ чектерін бермеу жолымен өз табыстарын жасыратын тұлғалардыанықтау нөлдік шыдамдылық көрсетуге шақырады.

1. Тауарлар, жұмыстар немесе қызметтерді сатып алғандаБКҚ фискалдық чектерді талап ету қажет.

Фискалдық чекмынадай ақпаратты қамтуға тиіс:

1) салықтөлеушінің атауы;

2) салықтөлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

3) БКМ-ныңзауыттық нөмірі;

4) БКМ-ныңсалық органындағы тіркеу нөмірі;

5) чектіңреттік нөмірі;

6)тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн менуақыт;

7) тауардың,жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасы;

8) фискалдықбелгі;

9)деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-ның бақылау чегініңтөлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауы және фискалдықдеректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;

10)тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;

11) сатыпалынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшембірлігін;

12) тауарды,жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;

13) егерсалық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды,жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығысалынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құнсалығының сомасын;

14) БКМпайдаланылатын жердің мекенжайын;

15) БКМ-ныңчегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.

2. БКМ-ныңчегін бермеген жағдайда сатушымен чек беруден бас тарту фактісін видеоғатүсіріп дүкеннің атауы және мекенжайы, базардың, сауда үйінің атауы, саудаүйіндегі дүңгіршектің атауы, (базардағы орынның нөмірі) және кәсіпкерліксубъектіні анықтауға мүмкіндік беретін басқа да мәліметтерді түсіріңіз.

Видеоматериалдардысоның ішінде Wipon мобильдік қосымша арқылы жіберіңіздер. Бұл ретте өзініңіздіңтегі, аты, әкеңіздің атын (ол болған кезде), ЖСН, және байланыс телефонныңнөмірін қосыша көрсету қажет. Осы деректер бұзушылық фактісі анықталған жәнефискалды чек бермеген тұлғаны жауапкершілікке тартқан жағдайда белсендіазаматтық позициясын білдірген азаматтарға сыйақы төлеу үшін қажет.

Соңғы жаңалықтар