Елордада фрилансерлердің жазғы мектебі ашылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН: ҚазАқпарат - 22-29 шілде аралығында Астанада ерекше мұқтаж адамдарға арналған фрилансерлердің жазғы мектебі жұмыс істейтін болады. Жобаға қатысу үшін тіркелу 20 шілдеде аяқталады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің сайты.

Фрилансерлермектебінің жұмысы қашықтықтан негізде жұмыс орнында жеке қатысуды талапетпейтін белгілі бір қызмет түрлерін көрсете алатын мүмкіндігі шектеуліадамдардың әлеуетін тартуға, сондай-ақ олардың кәсіби дайындық деңгейін арттыруүшін жағдай жасауға бағытталған.

Бағдарлама теориялықлекцияларды да, сондай-ақ әлеуметтік желілерде кешенді жылжыту, аудиовизуалдыматериалдарды монтаждау негіздері бойынша нақты тапсырмаларды талдай отырып,практикалық сабақтарды да, сондай-ақ ақпараттық жобаларды сүйемелдеудің тиімдіPR-құралдарын қолдануды қамтиды.

Сабақтарды КаринаСеилова, Яков Федоров, Ұлан Әбішев, Рахим Қазкешев және Мира Билялова сияқтытанымал жаттықтырушы-тәжірибелері өткізетін болады.

Мектеп «Parkinn» by Radisson қонақ үйінде Сарыарқа даңғылы, 8а мекен-жайы бойыншасағат 10-нан 14.00-ге дейін кофе-брейк үзілісімен жұмыс істейтін болады.

Жоба«Қазақстан Даму Ассоциациясы» ЗТБ іске асырылуда. Кіру тегін.Сұрақтарды +7-702-302-77-37 телефон нөмірі арқылы қоюға болады.

Соңғы жаңалықтар