Елордада футбол алаңынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды
13:42, 28 Шілде 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында 38 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Биылғы 26 шілде күні сағат 10:11-де «102» арнасына Петров көшесіндегі футбол алаңының жанынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті», - деген хабар таратты полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бүгінде аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Айта кетсек, кеше Алматыда Терренкур тоғанынан ер адамның денесі табылғанын хабарлаған едік.
Одан бөлек, осыдан 2 күн бұрын Шымкентте әлдекім көшеде 19 жастағы жігітті өлтіріп кеткен болатын.