«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сервис орталығы газбен жабдықтау үшін техникалық шарттар жасайды, сондай-ақ газ қосуға өтінім қабылдайды. Аталған орталыққа Көктал-1, 2; Железнодорожный, Өндіріс, Агроқалашық елді мекендерінің тұрғындары жүгіне алады.
Орталық Республика даңғылында 24-үйде «Парасат» бизнес орталығында орналасқан.
Сервис орталығы 9:00-ден 18:30-ға дейін жүмыс істейді, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліс.
Еске сала кетейік, елордада тұрғын үй алаптарында газбен жабдықтау желісі салынып жатыр. Газ беру процесі үш кезеңге бөлінген, тұрғын үй алаптары кезең-кезеңімен газға қосылады. Газбен жабдықтау экологияны жақсартады, тұрғындар денсаулығына оң әсер етеді. Жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайы айтарлықтай жеңілдейді.
Айта кетсек, бір текше метр газдың бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге дейін төмендеді.