Елордада газ құбырының зақымдануы салдарынан 9 үй көгілдір отынсыз қалды

АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Елордада жерді қазу жұмыстары барысында газ құбыры зақымданып, 9 үй көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

18 мамыр күні сағат 10-00-де Алматы ауданына қарасты Иманбаев көшесінде «Астана су арнасы» кәсіпорнының жер қазу жұмыстары барысында диаметрі 32-мм-лік газ құбыры зақымданды. Ведомствоның атап өтуінше, соның салдарынан Иманбаев, Абай, Омаров көшелеріндегі бірқатар үйлердің тұрғындары газсыз қалды.

Сондай-ақ ведомствоның ақпаратында сәйкес, 18 мамыр күні «Астанаводсервис» ЖШС Молдағұлова көшесі бойынша қазба жұмыстарын жүргізу барысында даметрі 32 метрлік газ құбырын зақымдады. Төтенше оқиға салдарынан Молдағұлова мен Әуезов көшелерінің бойында орналасқан бірнеше үй көгілдір отынсыз қалып отыр.

Төтенше оқиғаны жоюға «Газ-қызмет» ЖШС-нің мамандары мен техникасы жұмылдырылды.